$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2022, 12:31
Саясат

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды

Ол Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші қызметін қоса атқарудан да босатылды

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", – делінген хабарламада. 

Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдап, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебінде мемлекеттік басқару менеджері мамандығын игерген.

  • Еңбек жолын 1995 жылы тілдер комитетінің маманы ретінде бастады.
  • 2001-2002 жылдары мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кейін ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
  • 2002 жылдан бастап Қазақстан президенті әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 2007-2008 жылдары - ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 2008-2009 жылдары – "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2009-2016 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
  • 2019 жылы 1 наурызда Қазақстанның үкімет кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
  • 2020 жылдың 22 ақпанынан бастап Қазақстанның  Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет атқарды. 
Серіктес жаңалықтары