Қ.Тоқаев Ереванда қандай құжаттарға қол қояды?

Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасындағы келісім өз мәресіне жетті. Бүгін Армения астанасында осы құжатқа қол қойылады. Сондай ақ, Египетпен келісім-шарт та аяқталуға жақын деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі.

Қ.Тоқаев Ереванда қандай құжаттарға қол  қояды?

Бүгін Ереванда ЕАЭО мемлекет басшыларының саммиті өтіп жатыр. Онда Сингапурмен арада еркін сауда экономикалық аймағын құру туралы бірегей құжатқа қол қойылады, - деп жазады РБК порталы. Ол 7 келісім-шарттан тұрады. Бірінші өзара тауар саудалау туралы құжат. Сондай ақ, әр бес мемлекет жеке-жеке инвестиция жөнінде келісімге қол қояды. Соңғы 7-сі рәсімделген барлық құжаттың басын қосатын ортақ келісім. ЕАЭО Сауда министрі Вероника Никишинаның сөзінше, Египетпен арадағы келісімге қатысты биыл тараптар екі рет толық құрамда кездесу өткізді. Жыл соңына дейін тағы біреуі қараша айының басына  жоспарланған. Каирмен арадағы келісім келесі жылы күшіне енеді деп күтіледі.

Иран мен Қытай келісімі қалай жүзеге асады?

Биыл қазан айының  соңында ЕАЭО пен Иран арасында еркін сауда аймағын құру туралы құжат күшіне енеді. Ол үш жылға арналған. Келісім ауылшаруашылығы өнімдерін және кейбір құрылыс материалдарын еркін саудалауға рұқсат береді. Иранмен арадағы келісім АҚШ  Тегеранды қысымға алған тұста күшіне енгелі отыр. Қыркүйектің соңында Президент Дональд Трамп Иранның Орталық банкіне қарсы ауыр санкцилар салынатынын ескертті. Енді қаржы мекемесіндегі АҚШ -тың барлық активтері бұғатталады. Және америкалықтарға оның қатысуымен кез келген қаржылық операция жасауға тыйым салынбақ. Тіптен, заңды және азаматтық тұлғаларға Иранның ОБ-мен қандай да бір келісім жасаса үстінен екінші мәрте санкция салу қаралады.

Сондай ақ, қазанда Қытай мен ЕАЭО арасында сауда-экономикалық келісім  ратификацияланады, - деді Никишина. Құжат баж салығын азайтуды емес тарифсіз кедергілерді қысқартуды көздейді.

«Бұл кедендік процедураларды жеңілдету мен оңтайландыруды білдіреді. Техникалық бақылау мен санитария сияқты салаларда ашықтықты арттыру және өзара сауда-саттыққа сеп болатын қосымша құралдар табуға бағытталған».

Осы құжат ЕАЭО-ға Қытайға өнім экспорттаудың қиын тұстарын білуге көмектеседі деп күтіледі.  

«Біздің міндет – жеңілдіктер жасау арқылы компанияларды  Қытай нарығына шығару. Және бұл схема оларға қаншалықты көмектеседі, соны білу. Келісімнің пайдасын сараптау  арқылы біз Қытаймен толыққанды еркін сауда аймағын құруға дайынбыз ба жоқ па, соған жауап аламыз»,- деп түйді министр.  

Айта кетейік ЕАЭО -қа Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы, Белорусь және Армения кіреді.

Azattyq Rýhy

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.