$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2022, 12:19
Саясат

Жаңа Қазақстанды құру – болашақтағы тағдырымызды шешеді − Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент «Nur Otan» партиясы барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс деді

Жаңа Қазақстанды құру – болашақтағы тағдырымызды шешеді − Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа Қазақстан құру болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл - өте ауқымды міндет. Тіпті, болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс. Бұл үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастаумыз керек. Сондықтан негізгі міндет - партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заңдылық. Бұл - уақыт талабы», - деді Мемлекет басшысы.
 

Серіктес жаңалықтары