Путин Медведевтің орнына жаңа үміткерді ұсынды
Ресей үкіметі отставкаға кеткендіктен, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин премьер-министр қызметіне Федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Президент Владимир Путин Михаил Мишустинмен жұмыс барысында кездесу өткізіп, оған үкімет басшысы лауазымын атқаруды ұсынды. Михаил Мишустин келісімін берген соң Путин оның кандидатурасын премьер-министр лауазамын ұсынып, Мемдума қарауына берді», – делінген Кремльдің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бүгін Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев отставкаға кететінін мәлімдеген еді. РФ министрлер кабинетінің басшысы бұл мәлімдемені Федералдық жиын барысындағы ел президентінің жолдауынан кейін жасаған.
Владимир Путин Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін ұсынды.