10.02.2022, 17:31
Саясат
Мәскеуде Тоқаев пен Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр
Онда екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылмақ
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", – деп жазды Берік Уәли.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
28.06.2026, 00:19
Маңғыстауда ауыл үстінен өткен алып шаңды құйын видеоға түсіп қалды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 10:00
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды