Тоқаев екі мерзімнен артық президент болмайтынын мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды екі сайлау мерзімінен артық басқармайтынын айтты
Бұл туралы ол «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев өзінің қандай президент болғанын тарих көрсетеді дей келе, қазіргі міндеті бүкіл қоғамды трансформациялаудан тек оң нәтиже шығару екеніне назар аударды.
«Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауымда саясат пен экономика қатар жүретінін айтқанмын. Біздің қазіргі тарихы шындығымызға қарап, алдымен экономиканы дамытамыз, кейін саясатқа көңіл бөлеміз деу – жарамайды. Көріп отырғанымыздай, экономикалық түлеуде саясат зор рөл атқарады», – деді Тоқаев сұхбатында.
Бұдан кейін ол президент болып отырғанда саясат пен экономиканы трансформациялауға уақыты жете ме, жоқ па білмейтінін, бірақ бір анығы – президенттік уәкілеттілігін ұзарту үшін заңдарға өзгеріс енгізбейтінін меңзеді.
«Мен қанша уақыт Қазақстанның президенті болып отыратынымды білмеймін. Алайда, нақты білетінім – Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық президент болмаймын. Яғни, ешқандай заңды, оның үсіне, Конституцияны өзгертпеймін», – деді Президент.