Барьерді жеңу, кеден саласында тәртіпті қалыпқа келтіру − Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде ұсыныс айтты
Қазақстан Қытайға 135 бағыт бойынша экспорттық әлеуметті арттыруға ниетті

Соңғы 30 жылда Қытайдың Орталық Азия елдермен тауар айналымы 100 есе өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммиті кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біріншіден, қытайлық әріптестеріміздің мәліметінше соңғы 30 жылда Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 100 есе өсті. Бұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта сауда-саттық бойынша әріптестікті одан әрі жалғастыру керек деп есептеймін. Бұл тауар айналымы саласындағы барьерді жеңуге, кеден саласында тәртіпті қалпына келтіруге және инновациялық жобаларды іске асыруға жол ашады. Қазақстан Қытайға 135 бағыт бойынша экспорттық әлеуметті арттыруға ниетті. Сонымен қатар, органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік өнімдерін 1 млрд доллар көлемінде экспорттауға дайын. Орталық Азия мен Қытайда сауда және транспорттық байланыс мәселелері бойынша министрлік кеңесін құру туралы ұсыныс айтамын.
Екіншіден, пандемия кезінде «Бір белдеу – бір жол» жобасының қаншалықты маңызға ие екенін әлем елдері сезінді. Ары қарай да бұл жобаның жандануына әсіресе, ауқымды соммадағы ірі жобаларға басымдық беру керек. Бұл Қытай елінің жетістігі дәлелденген цифрландыру және балама энергия көздерін дамыту және инновация салаларында көрініс алады. Бұл ретте аталған жобаның негізі тетігі ретінде Қазақстан жақында Қытай басшысы бекіткен «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының жаңа талаптарына толығымен келіседі. Оның ішінде жобаның жоғары стандарты, ұзақ мерзімді мен әлеуметтік салаларға басымдық беруін атап өтуге болады», − дейді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде транзит саласындағы деверсификация және біріктірілген логистикалық шешімдер сонымен қатар, жаңа құрлық дәлізді іске қосудың маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстан өз тарапынан 2025 жылға дейін аталған салаға 20 млрд доллар бөлуге дайын. Бұл сөзсіз Қытаймен тұтыну ағынын кеңейту және өңірлердегі сұранысты қамтамсыз етуге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Орталық Азия елдерінде көлік коммуникациялары мен байланыс мөлшері 5 мемлекеттік ЖІӨ-ні 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл орасан зор көрсеткіш. Біз бұл бағыттағы барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз.
Төртіншіден, пандемиядан кейін экономикалық белсенділік қалыпқа келе бастады. Бұл жаңа тұрақты модель қалыптастыратын уақыт келгенін көрсетеді. Қазақстан экономиканың декарбонизациялану жолында және 2026 жылға дейін көміртегінің бейтараптылығына қолжеткізуді көздейді. Қысқамерзімді жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай, балама энергия көзінің энергобаланыстағы үлесін 15%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл салада өзара тәжірбие алмасып, кеңесуге шақырамыз. Қытай елінің бұл бағытта жеткен жетістігі Қазақстан үшін аса маңызды», − деді Қазақстан Президенті.