$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2022, 15:43
Саясат

Ауғанстанның Орталық Азиямен байланысы бәрімізге маңызды − Си Цзиньпин

Ауғанстан Орталық Азия елдерімен тату әрі бейбіт өмір сүруі аса маңызды дейді ол

Ауғанстанның Орталық Азиямен байланысы бәрімізге маңызды − Си Цзиньпин
Фото ашық дереккөзден

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ауғанстанның Орталық Азиямен байланысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауғанстан біздің ортақ көршіміз әрі серіктесіміз. Бұл елдегі тәртіп пен тұрақтылықты және жандану біздің ортақ мүддеміз болу керек. Қытай Ауғанстанның тұрақталуына қолдау білдіреді. Өзге көрші елдерді Ауғанстанға гуманитарлық көмек беруге шақырамын. Ал көршімізді террористтік ахуалдан арылуға кеңес береміз. Ауғанстан Орталық Азия елдерімен тату әрі бейбіт өмір сүруі аса маңызды. Бұл бүтін бір аймақтың тыныштығы мен тұрақтылы халықтың бейбіт өмірі. Өркендеу тек мемлекеттер арасындағы татулық негізінде құрылады», − дейді  Си Цзиньпин.

Серіктес жаңалықтары