Бүгін Парламентке жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады
Қазір бұл міндетті уақытша Әлихан Смайылов атқарып отыр

Бүгін сағат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасына жазғандай, 11:15-те басталатын жиында Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.
Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салайық, жыл басында Жаңаөзен қаласында газ тарифіне байланысты болған митингтен кейін Үкімет басшысы Асқар Мамин отставкаға кеткен болатын. Оның міндетін уақытша Премьердің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов атқарып отыр.