Ресейлік саясаттанушы 2022 жылы әлемде болуы мүмкін әскери қақтығыстарды атады
Саясаттанушының болжамынша, әскери қақтығыстарды АҚШ туындатуы ықтимал
«АҚШ 2022 жылы әлемнің түкпір-түкпірінде бірнеше әскери қақтығыстарды туындатуы мүмкін» дейді саясаттанушы Сергей Марков. Lenta.ru-ға берген сұхбатында саясаттанушы АҚШ осылайша әлемдегі төмендеп бара жатқан өз ықпалын сақтап қалмақ ниетте екенін айтады.
Марков 2022 жылы орын алатын ең ықтимал әскери қақтығыс Украина әскерінің қолымен Ресей мен АҚШ арасында орын алатынына сенімді.
«Бұл өте маңызды сәт: Ресей мен Украина арасында қақтығыс болуы мүмкін емес, өйткені Украина тәуелсіз емес. Бұл АҚШ басып алған мемлекет, тек осы режимнің мүддесі үшін әрекет етеді және ол біздің елмен соғысқа кіре алады», - дейді Марков.
Саясаттанушының болжамынша, екінші мүмкін қақтығыс – Тайваньға қатысты Қытай мен АҚШ арасында орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ Израиль мен АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауына жол бергенін, бұл үшін террористік әдістермен жауап беруі мүмкін екенін атап өтті.
"Сонымен бірге Ливиядағы қақтығысты да тізімнен алып тастай алмаймыз. Онда 24 желтоқсанда сайлау өтуі керек еді, бірақ ол кейінге қалдырылды. Триполидегі қазіргі басшылық жеңілістен қорқады. Бұл қақтығыс бір жағынан Түркия мен АҚШ, екінші жағынан Египет, Франция, Сауд Арабиясы, БАӘ және Ресейге байланысты. Жалпы алғанда, бұл энергияны бақылауға қатысты жанжал", - деп түсіндірді Марков.
Оның пікірінше, Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың жалғасуы мүмкін, өйткені Қарабақтағы бірқатар мәселелер шешілген жоқ. Сондай-ақ, Араб-Израиль қақтығысының да өршуі мүмкін.
Венесуэла мен Колумбия арасындағы қақтығыс АҚШ-тың қолымен жүзеге асуы мүмкін. Сирияда да қандай да бір форматта қақтығыс болуы ықтимал: Түркияға ел ішінде ТЖ енгізу үшін сыртқы қақтығыс қажет болуы мүмкін.
"Байқағанымыздай, АҚШ барлық қақтығыстарға қатыса алады. Бұл анық. Қазір АҚШ экономика, идеология және моральдық көшбасшылық тұрғысынан құлдырауда", - деп қорытындылады сөзін саясаттанушы.