$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2021, 15:50
Саясат

«Қырғыз шекарашысы оқ атты»: Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қайта шиеленісті

Екі елдің шекарасындағы қазіргі жағдай тұрақты

«Қырғыз шекарашысы оқ атты»: Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қайта шиеленісті
Фото ашық дереккөзден

Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстанмен шекарадағы жағдайдың ушығуына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды РИА Новости.

 Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, сенбі күні Тәжікстанның әскери күштері Қырғызстанның Дамба және Мақсат ауылдарының бірінің маңында миномет орнатқан. Кейін шекарадағы Эки-Таш аумағында атыс болған: Тәжікстан азаматтары қырғызстандықтардың көлігіне тас лақтырған, қырғыз шекарашысы аспанға оқ атқан.

"Осыдан соң Эки-Таш аумағында Қырғызстан мен Тәжікстан шекара заставалары басшылары кездесті. Олар шекарадағы жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шекара нарядын қойды. Тәжік тарапы оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр... Қырғызстан шекара қызметі аталған учаскіде күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде қос елдің шекарасындағы жағдай тұрақты.

 

Серіктес жаңалықтары