$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2021, 17:14
Саясат

Қазақстанның халықаралық аренада жетістігі көп, ең маңыздысы көршілерімен қақтығысы жоқ – Еуропа Кеңесінің өкілі

Том Ван Дайк Қазақстандағы партиялық жүйенің жұмысын да оң бағалады

Қазақстанның халықаралық аренада жетістігі көп, ең маңыздысы көршілерімен қақтығысы жоқ – Еуропа Кеңесінің өкілі

Қазақстан Еуропа Кеңесімен тығыз қарым-қатынасты бұзбай, қоғамдық тыңдаулар мен петициялар өткізуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) Еуропалық консерваторлар мен демократиялық альянс топтарының Бас хатшысы Том Ван Дайк «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумда айтты.

Екі күнге созылған халықаралық форумға әлемнің 15 елінен 600-ге жуық спикер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Әзірбайжаннан келген саясаткерлер де бар.

Өз баяндамасында Том Ван Дайк Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынасына баса назар аударды.

«1997 жылдан бастап Қазақстан Еуропа Кеңесімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болды, ал соңғы екі жылда бұл қатынастар нығая түсті. Қазақстан Вена комиссиясына кірді – бұл конституциялық құқық жөніндегі сарапшылар. Сондай-ақ, GRECO-ға да (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тобы) қосылды. Бұдан бөлек, өлім жазасын жою үшін маңызды қадам жасалды. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы – Қазақстан қатысатын тағы бір маңызды комиссия. Қоғамдық тыңдаулар, петициялар өткізу де үлкен жетістік. Қаралған істердің 90%-дан астамы шешілді. Әрине, 100% жетістікке жеттік деп айтуға әлі ерте. Тағы бір маңызды нәрсе – сіздерде көршілеріңізбен қақтығыстар жоқ», - деді Том Ван Дайк.

Сондай-ақ, спикер әйелдер мен жастар үшін енгізілген 30 пайыздық партиялық квотаны және елде алғаш рет өткізілген праймеризді үлкен жетістік деп бағалады. Оның сөзінше, Халықаралық гендерлік теңдік индексінде Қазақстан да АҚШ-тан айтарлықтай ерекшеленбейді. Тіпті ЕО-ның кейбір елдері мұндай нәтижеге әлі де қол жеткізе алмай келеді екен.

«Әрине, Мен Қазақстанға Еуропа Кеңесімен қарым-қатынасты қалай құруға болатынын үйрету үшін келген жоқпын. Сіздердің ел өзінің 30 жылдық тәуелсіздігін атап өтіп жатыр. Сіздердің партия өзінің жеке шешімін қабылдай алады. Жастар туралы айтар болсақ, оларда да дәл солай еркіндік бар. Мен қазір Қазақстан халқының таңдауы жастарға көбірек құқық беру екенін көріп отырмын», - деді Том Ван Дайк.

Серіктес жаңалықтары