$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2021, 13:13
Саясат

Халықаралық форумда шетелдік спикерлер Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасын сөз етті

Елорда әлемнің ондаған елінің саясаткерлері бас қосты

Халықаралық форумда шетелдік спикерлер Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасын сөз етті
BaigeNews.kz

Қазақстан көршілерімен ғана емес, сонымен бірге батыс елдерімен де жақсы қарым-қатынаста. Мұндай пікірді Елордада «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  халықаралық форумда Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының Бас хатшысы Чо Бён Чжэ айтты.

«Еуразияның ортасында орналасқан сіздердің елдеріңіз көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуде. Осының арқасында Қазақстан көршілерімен ғана емес, сонымен бірге батыс елдерімен де жақсы қарым-қатынаста. Қазақстан халықаралық ұйымдармен, басқа да партиялармен сындарлы диалог орнатты. Осылайша, «Nur Otan» партиясы халықаралық қатынастар локомотивтерінің бірі қызметін атқаруда. Қазіргі кезде пандемияға байланысты сын-қатерлерді еңсеру міндеті тұр. Билеуші партия табысты ішкі саясат жүргізетініне де сенімдімін. Осы форум жаһандық сын-қатерлерді жоюға бағытталған пікір алысуға жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді Чо Бён Чжэ.

Ал «Единая Россия» партиясының Бас кеңесі Хатшысының орынбасары Андрей Климов өз кезегінде Қазақстан мен Ресейдің билеуші партиялары арасындағы достық қарым-қатынасқа тоқталып өтті.

«Көптеген мәселе жетекші саяси күштердің тәжірибесін ескере отырып, шешіледі. Біз өз тарапымыздан «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу тәжірибесін, жастар қанатын дамытуын, азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін онлайн-ресурстарды пайдалануын және алаңында осы форум өтіп жатқан Қоғамдық саясат институтының жұмысын мұқият қарап отырамыз», – деп атап өтті Андрей Климов.

Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитетінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Цянь Хуншань екі елдің билеуші партиялары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға сенім білдірді.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Біз ел халқының өз тарихи мәдениеті мен мұрасын жадында сақтап, құрметтейтінін, сонымен бірге экономикалық және саяси дамуын қамтамасыз етіп отырғанын көріп отырмыз. «Nur Otan» партиясы құрылған сәтінен бастап шын мәнінде бірқатар тарихи реформаларды іске асырды. Біздің мемлекеттеріміз екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде партиялық деңгейде дамытуды жалғастыра беретініне сенімдімін», – деді Қытай Коммунистік партиясының өкілі.

Серіктес жаңалықтары