$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2021, 07:50
Саясат

АҚШ Грузияны Саакашвилимен әділ қарым-қатынас жасауға шақырды

Мемлекеттік департамент Грузия билігін экс-президент Саакашвилиді соттың барлық отырыстарына жіберуге үндеді

АҚШ Грузияны Саакашвилимен әділ қарым-қатынас жасауға шақырды
Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайс Грузия билігін елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилимен әділ қарым-қатынас жасауға шақырды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Прайс Саакашвилиге "әділ және қадір-қасиетін сақтай отырып"қарау керектігін айтты. Сонымен қатар, АҚШ қоғамдық қорғаушының оған дұрыс қарау туралы ұсыныстарын орындап, оны сот отырыстарына жіберу қажеттігін ескертті .

"Біз сондай-ақ Грузия билігін Саакашвили мырзаның халықаралық құқыққа сәйкес оған қарсы істер бойынша соттың барлық отырыстарына қатыса алуын қамтамасыз етуге шақырамыз. Саакашвили мырза адал процеске, оның ішінде егер ол талап етсе, сот тыңдауларына жеке қатысуға құқылы",- деп атап өтті Прайс.

Бұған дейін Прайс Саакашвилидің құқықтарын сақтауға шақырған болатын. Ол Грузия заңдары мен оның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау қажеттілігін мәлімдеген еді.

 

Серіктес жаңалықтары