16.11.2021, 01:27
Саясат
Макрон Франция туының түсін өзгертті
Франция президенті тудың көк түсін қою көкке ауыстырды
Фото ашық дереккөзден
Франция президенті Эммануэль Макрон республиканың жалауындағы көк түсті қою көкке өзгертті. Шешім "жабық есік артында" қабылданды. Президент бұл идеяны жүзеге асырғанға дейін жария етпеді, деп жазады France Bleu.
Француз билігінің пікірінше, қою көк түс жақсы көрінеді, Ұлы француз революциясының туын мұра етеді, сонымен қатар ресми іс-шараларда көбінесе қатар тұратын ЕО туы мен француз жалауы бір-біріне ұқсап қалады.
Айта кетейік, француз туының түсін өзгерту туралы шешімді Елисей сарайының бас операциялық директоры Арно Жоленстің бастамасымен 2020 жылдың 13 шілдесінде республика президенті қабылдаған.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты