Тоқаев Затобол кентінің атауын өзгертті
Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгерді
Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгеріп, аудандық маңызы бар қала мәртебесі берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Затобол кентіне аудандық маңызы бар қала мәртебесін беру және атауын Тобыл деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.
«Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Затобол кентіне аудандық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, оны қайта атауға қатысты «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.
2. Затобол кентінің атауы Тобыл қаласы болып өзгерсін.
Бұл жарлық ресми түрде жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар, № 235», – делінген Жарлықта.