$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2021, 13:35
Саясат

Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық кеңес Әлеуметтік қызметтер порталының олқылықтарын талқылады

Жиынға қатысушылар бірқатар ұсыныс әзірледі

Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық кеңес Әлеуметтік қызметтер порталының олқылықтарын талқылады

Мәжіліс депутаттары мүмкіндігі шектеулі жандардың Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты шағымдарын тыңдап, Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының төрағасы Ернұр Бейсенбаев Facebook парақшасында жазды.

Ернұр Бейсенбаевтың айтуынша, Парламент Мәжілісі депутаттарының халықпен кездесуінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тарапынан Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты  көптеген шағым айтылған. Мүгедектігі бар адамдар кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алу оңай еместігін жеткізген. Портал қажет нәрсеге тапсырыс жасауға мүмкіндік бермейді. Ал қолжетімді компоненттер жарамайды, көбінесе ОТҚ-ға (оңалтудың техникалық құралдары) таңдау болмайды екен.

«Осы өзекті мәселелерді талқылау үшін біз Nur Otan партиясы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысын шақырдық. Отырысқа Парламент депутаттары, жауапты вице-министрлер, кеңес мүшелері, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты», - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Талқылаудан кейін жиынға қатысушылар біқатар ұсыныстарын әзірледі.

  • көрсетілетін қызметті алушылардың кезекке қойылатын арнайы әлеуметтік қызметтерді алу бөлігінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу. Медициналық картаны стационарға немесе жартылай стационарға рәсімдеуге ұсынылатын құжаттар тізбесінен алып тастау;
  • қызметті алушылар үшін медициналық карта бөлігінде «Е-Собес» ААЖ бағдарламасына да өзгерістер енгізу;
  • ең төменгі баға қағидаты бойынша конкурс арқылы әлеуметтік тапсырысты бөлуден бас тарту;
  • баланы қабылдау тәсілі http://www.xn--aleumt-7of.egov.kz/ порталы арқылы өтуі тиіс ол үшін білім беру жүйесінің мектепке дейінгі мекемелерін (индиго) таңдау қағидаты бойынша МӘМ (медициналық-әлеуметтік мекеме) таңдау моделін пайдалану;
  • жартылай стационар режимін және оған көрсетілген қызметтерді ескере отырып, жан басына қаржыландыру жолымен әрбір балаға ақы төлеуді жүзеге асыру қажет;
  • қызметтердің нарықтық құнына сәйкес баланың МӘМ-де күндізгі уақытта болу құнын ұлғайту туралы мәселені қарау;
  • ЕХӘҚМ порталда ұсынылған санаторийлердің физикалық қолжетімділігін бағалауды жүргізсін. Қолжетімділік туралы ақпаратты фотосуретпен қоса әрбір санаторийге сипаттамаға қосу;
  • қолжетімділік талаптарын ескере отырып, жаңа санаторийлерді тарту бойынша жұмысты күшейту;
  • ОТҚ жеткізушілері арасында бәсекелестіктің болмауы бөлігінде жаңа жеткізушілерді, оның ішінде өндірушілердің шетелдік фирмаларының өкілдерін тарту жөніндегі жұмысты күшейту. ОТҚ-ға баға белгілеудегі бағалауды жүргізу;
  • мүгедектіктің барлық топтарының пайдаланушыларына вебке қолжетімділікті көздейтін порталды бейімдеу бойынша техникалық жұмыстар жүргізу.

Аталған ұсыныстардың орындалу мерзімі анықталған. Ол туралы алдағы уақытта қосымша хабарланбақ.

Серіктес жаңалықтары