ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асты

«Сарыарқа» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілді

27 желтоқсанда газ құбырының құрылысы аяқталды

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбыры Нұр-Сұлтанды, орталық және солтүстік өңірлерді отандық көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«2018 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Телекөпір барысында газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті. Ағымдағы жылғы қаңтарда техника мен адамдарды жұмылдыру, наурыз айында газ құбырын дәнекерлеу жұмыстары басталды»,- деп жазады баспасөз қызметі.

Құрылыс барысында 1 мыңнан астам техника және шамамен 2 мың адам жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, құрылыс барысында отандық өндірушілер барынша жұмылдырылды. Бас мердігер – отандық «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы. Ілмекті арматура және кран тораптарымен жергілікті өндіруші «Бемер Арматурен Қазақстан» компаниясы, ал автоматтандырылған газ тарату станцияларымен «Батыс Мұнай Газ жабдықтары» компаниялары қамтамасыз етті.

«Нормативті мерзіммен салыстырғанда айтарлықтай қысқа мерзімде 1061,3 километр газ құбыры, 5 бірлік қуатты автоматтандырылған газ тарату станциясы, сондай-ақ газ өлшеу станциясы салынды» , -делінген хабарламада.

«Сарыарқа» газ құбыры арқылы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойына жақын орналасқан 171 елді мекеннің шамамен 2,7 млн. тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.