$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2021, 11:40
Оқиғалар

Борышкер тарапынан таяқ жеген сот орындаушысы айыппұл төлейді

Ол көлікте қауіпсіздік белдігін тақпаған

Борышкер тарапынан таяқ жеген сот орындаушысы айыппұл төлейді

Күні кеше әлеуметтік желілерде борышкер тарапынан таяқ жеп аты шыққан сот орындаушысына полиция департаменті айыппұл тағайындады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің instagram парақшасында жазды.

«5 қазан күні әлеуметтік желілерде азамат Ә.Ермеков өзінің бейнежазбасын таратты, онда ол жүріп келе жатқан автокөліктің салонында жол қозғалысының қатысушы (жолаушы) бола отырып, ҚР ЖҚЕ талаптарын бұзғанын көруге болады. Осыған байланысты құқық бұзушы ӘҚ туралы ҚРК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы), яғни көлікте қауіпсіздік белдігі тағылмаған», - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Осылайша жепке сот орындаушы Әділ Ермеков көлікпен жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін 2 АЕК (5 834 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Республикалық сот орындаушылар палатасы сот орындаушы мен борышкер арасында болған кикілжің кезінде полиция қызметкерлерінің оқиға орнынан кетіп қалғандығы туралы айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары