Павлодарда мектеп директоры алаяқтықпен айналысқан
Ол ауыл тұрғынына жалған микрокредиттік ұйымның атынан хабарласқан

Павлодар облысында ауыл тұрғынына жалған микрокредиттік ұйымның атынан хабарласып, берешегін қайтаруды талап еткен мектеп директоры қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алаяқтар сендіру қабілетіне ие. Май ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғынына микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 млн теңге несие бойынша қарызын төлеу керектігін талап еткен. Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, дереу полицияға хабар береді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.