04.10.2021, 09:10
Саясат
Жапония үкіметі толықтай отставкаға кетті
Жаңа премьерді ел парламенті бүгін сайлайды
Жапония үкіметі премьер-министр Есихидэ Сугамен бірге толықтай отставкаға кетті деп жазады РИА Новости.
Еске салайық, қыркүйек айының басында Есихидэ Суга өз кандидатурасын бұдан кейін партия төрағалығына ұсынбайтынын мәлімдеген еді. Яғни, бұл оның премьерліктен де бас тартуын білдіреді. Ал, өткен аптаның сәрсенбісінде өткен партияішілік сайлауда Фумио Кисида жеңіске жетті. Ол экс-премьер Синдзо Абэнің кезінде – 2012-2017 жылдары сыртқы істер министрі қызметін атқарған.
4 қазанда Жапония парламентінің қос палатасы жаңа премьерді сайлайды. Ол өз кезегінде министрлер кабинетін өзі жасақтайтын болады. Премьер-министрге кандидатты Парламентке өткен әр партия ұсынады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
