Алматыда қаза тапқан полицейлер марапатталды
Алматыда атыс салдарынан бес адам қаза тапқан болатын
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласындағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды.
«Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері майор Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖарлығыменІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. «Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндетін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.