Тоқаев пен Путиннің қатысуымен өтетін форумда нендей мәселе көтерілетіні айтылды
Көкшетау қаласында онлайн форматта өтетін форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланған
30 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Форум аясында мемлекеттер басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.
Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді.
Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды.
Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланған.
Өңіраралық форумның ресми сайтында Жайық (Орал), Ертіс трансшекаралық су айдындарының экожүйесін және басқа да ірі өзендерді, биоалуантүрлілікті, Каспий итбалығының популяциясын сақтау және климаттың өзгеруі мәселелері қозғалатыны айтылған. Сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар саласында бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған форумға қатысушылар арасындағы нақты уағдаластықтарға қол жеткізу үшін халықаралық диалог алаңын құрады.