13.09.2021, 08:46
Жаңалықтар
Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 70 адам көз жұмды
Оның 57-сі КВИ инфекциясынан қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
11 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 70 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның 57-сі COVID-19 вирусынан, 13-і пневмониядан қайтқан.

13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан (–70 184 + және 8 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 276 адамның жағдайы ауыр,
- 340 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 11:20
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жұбайын пышақтап өлтірген: 54-тегі әйел ауруханада жан тапсырды