$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 11:24
Саясат

Маңғыстаудың экс-әкімі Сенат депутаты болды

Серікбай Трұмов 2019-2021 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды

Маңғыстаудың экс-әкімі Сенат депутаты болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды.

Серікбай Трұмов 1964 жылы маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтты инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1981 жылы «Мангышлаксельстрой-12» трестінің №1206 учаскесінде бетонщик қызметінен бастаған. 1983-1985 жылдары әскери міндетін өтеді.

1985- 1986 жылдар аралығында - бетонщик, «Мангышлаксельстрой-12» тресінің №1206 учаскесінің жүргізушісі болып еңбек етті.

1986-1990 жылдары – «Мангышлаксельстрой-12» трестінің құрылыс механизациясы мен көлік басқармасының жүргізушісі қызметтерін атқарды.

1994 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласының ОӨК автокөлікті жабдықтау бойынша оқытушы болып еңбек етті.

1994- 1995 жылдары – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы.

1995 -2004 жылдары – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, директоры қызметтерін атқарды.

2004-2006 жылдары - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

2006-2008 жылдары  - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2008-2012 жылдары - Түпқараған ауданының әкімі.

2012 жылдың ақпан айынан 2015 жылға дейін - Жаңаөзен қаласының әкімі.

2015 жылдың шілде айынан бастап 2017 жылдың қазанына дейін Ақтау қаласының әкімі болып қызмет етті. 2017 жылдың қарашасынан бері Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

2019-2021 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі.

Серіктес жаңалықтары