Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялауда
Президент VII шақырылымдағы Парламенттің 2-ші сессиясын ашық деп жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы басталды.
Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.
Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Жолдау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әлау-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, экология және биоалуантүрлілікті қорғау, азаматтардың мүддесін қорғау, цифрландыру, азаматтарды мемлекетті басқару ісіне тарту, ұлттың жаңа болмасы бағыттарын қамтылады.