$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 21:37
Саясат

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі қызметін тоқтатпайды - СІМ

Қазақстанда білім алып жатқан, қызмет етіп жүрген ауған азаматтары жұмысы мен оқуын жалғастыра береді

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі қызметін тоқтатпайды - СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

«Қазақстан аумағындағы Ауғанстан азаматтары еліне оралуға қатысты сұраққа жауапты елордадағы өз елшіліктерінен біле алады. Азаматтар жүгінген жағдайда Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі мәселені біздің құзырлы органдармен бірлесіп қарастырады. Ал Қазақстан аумағында ресми қызмет етіп немесе білім алып жатқан ауған азаматтары жұмысы мен оқуын жалғастыра береді», - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдері үшін өткізілген арнайы брифингте.

Еске салайық, Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтінішіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары