ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Нұр-Сұлтанда қарды уақытында тазаламаған 50 ПИК-ке айыппұл салынды

Астанада бір күнде  1 млн текше метр қар шығарылған 

Елордада қарды уақытылы тазаламағаны үшін 50 ПИК (басқарушы компаниялар, ЖШС) айыппұл салынды. Жалпы сома 1 млн 187 мың теңгеден асты деп хабарлайды Аzattyq-ruhy Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Ағымдағы жылдың қысқы кезеңінің басынан бан9рстап "қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу" ҚР ӘҚБК 505-бабын бұзғаны үшін 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 1 млн 800 мың теңгені құрады»,- делінген хабарламада.

Мысалы, "REM.KZ" ЖШС Азия парк СОО-ның маңайындағы аумақты дер кезде қар мен мұздан тазаламағаны үшін көлік 126 250 теңге айыппұл салынды.

Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні 24150 текше метр қар шығарылды (2013 рейс). Барлығы 1051668 текше метр қар шығарылды, бұл 87 639 рейс.