Заңсыздық тіркелмеді, карантин талаптары сақтаулы – Атырау облысында Томарлы ауылының халқы өз әкімін сайлап жатыр

Еліміздің 14 облысында ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтіп жатыр

Заңсыздық тіркелмеді, карантин талаптары сақтаулы – Атырау облысында Томарлы ауылының халқы өз әкімін сайлап жатыр
Informburo.kz

Атырау облысының Томарлы ауданында жұрт таң атпастан сайлау учаскелеріне келіп, өз кандидаттарына дауыс беруге кірісіп кетті.

Томарлыда 5 036 тұрғын тұрады. Олар үшін ауылда екі сайлау учаскесі ашылған. Бақылаушы Баянсұлу Хамиеваның айтуынша, халықтың белсенділігі жоғары.

«№64 сайлау учаскесіне «Nur Otan» партиясы атынан бақылаушымын. Таңғы сағат 7:00-де басталған сайлауға ауыл халқы белсенді қатысуда. Ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Карантин талаптары толық сақтаулы», - деді Баянсұлу Хамиева.

Айта кетейік, 25 шілде таңғы сағат 7-де Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау басталды.

Ауыл әкімдерінің сайлауына қатысу үшін 2 297 кандидат тіркелді. Оның 1 419 – ы өзін-өзі ұсынған, 878-і - тіркелген саяси партиялардың өкілдері. Кандидаттардың жалпы санынан ерлер 1 839, әйелдер 458 адамды құрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.