$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2019, 18:22
Саясат

Ұлттық сенім кеңесі журналистерді тағы «бөлектеп» тастады

Бүгін Елордада Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті

Журналистер жиналыс залына бұл жолы да өте алмады. Дәлізде биік баннермен бөгет қойылған. Тілшілер жиынды баспасөз орталығындағы экраннан көрді. Бірақ жиын аяқталғанша Сенім мүшесінің ешбірінен сұхбат алуға мүмкіндік болмады. Журналистерді бөлектеуге қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тағы түсініктеме берді.

«Мұны бәлкім, біреу дизайн ретінде қойған шығар, кім біледі... Сіздердің бүкіл сұрақтарыңыз сол мәселе туралы болып тұр. Ал бұл жерде Мемлекет басшысы 40 минуттың ішінде бүкіл болашақта болатын қоғамдағы өзгерістер жайлы айтып шықты»,- деді ол.

Еске салсақ, ҰСК-нің бірінші отырысында журналистердің жүріп-тұруына қызыл лентамен шектеу қойылған еді. Сол кезде Аида Балаева мен Дархан Қалетаев БАҚ өкілдеріне келіп, басу айтқан болатын.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары