$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Телефоныма SMS келді»: Төреғали Төреәлі сахнаға шығайын деп тұрғанда есеңгіреп қалған

Өмір мен ойлағандай болмады, дейді өнерпаз

«Телефоныма SMS келді»: Төреғали Төреәлі сахнаға шығайын деп тұрғанда есеңгіреп қалған
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі қызына қойылған диагнозды алғаш рет естігенде есеңгіреп қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2015-2016 жылдар болса керек, Баян Алагөзованың «Қазақ Аруы» жобасы Астанада өтіп жатты. Соны Ерке Есмахан екеуміз жүргізетін болдық. Концерт жүргізуге шығайын деп тұрмын, Ерке арғы бетінде тұр. Сол кезде телефоныма хабарлама келді. Ол кезде Кәусардың аты Томирис тұғын. «Томидің диагнозын қойды: ДЦП» деп жазып жіберіпті. Жұлдызды шағың енді басталып келе жатыр, оның үстіне сахнаға шығайын деп тұрсың. Төбемнен су құйып жібергендей болды», - деп бастады әнші әңгімесін.

Айтуынша, дәл сол кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

«Одан кейін сахнаға қалай шықтым, қалай жүргіздім, есімде жоқ. Сол сәттен бастап маған атақ деген нәрсе қызық болмай қалды. Өмір мен ойлағандай болмады. Алланың өз жоспары бар, әркімнің өз тағдыры бар. Бірақ қазір Алланың сынағы деп емес, бұл қызымды Алланың нығметі деп қабылдаймын. Бұл қыз біздің үйіміздің гүлі», - деп атап өтті өнер иесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін айтыскер ақын Сырым Әуезхан Төреғали Төреәлінің айтыстан кетуіне себепкер болғанын айтқан болатын.

«Екеуміз өте тартысты айтыс жасадық, төбелес секілді өтті. Содан кейін Төреғали айтысқа шықпады. Менің «тепкімнен» кетіп қалды деп айта алмаймын, бірақ шынымен менімен айтысқаннан кейін айтыс сахнасына шыққан емес. Қазір қарым-қатынасымыз өте жақсы», - деп атап өтті ол.

 

Серіктес жаңалықтары