21.11.2025, 13:09
Оқиғалар
«Бес бала жетім қалды»: Ақтөбеде ерлі-зайыптының мәйіті табылды
Әйел адамның денесінде зорлық белгілері бар
Фото: instagram.com/p/DRT5u6XDLCF/
Ақтөбеде іс-түссіз жоғалған ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Әйел адамның мәйітінде зорлық белгілері бар, ал ер адам асылған күйінде табылған, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Ақпаратты редакциямызға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында оның күйеуінің денесі де асылып тұрған күйінде табылды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Марқұмдардың таныстары олардың артында бес бала қалғанын жазып жатыр. Полиция қылмыстың мән-жайын, кім-кімді өлтіргенін анықтау үшін кешенді шара бастадық дейді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы