$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.07.2021, 20:41
Саясат

Назарбаев әлемдегі саяси ұйым басшыларына: «Партиялар қиындыққа тап болған азаматтарды жарты жолда тастап кетпеуі керек»

Елбасы пандемия салдарынан әлемдегі кедейлер саны еселеп артқанын айтты

Назарбаев әлемдегі саяси ұйым басшыларына: «Партиялар қиындыққа тап болған азаматтарды жарты жолда тастап кетпеуі керек»
Фото ашық дереккөзден

Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдық мерейтойына арналған саммитте сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі саяси ұйымдарды коронавирустық дағдарыстан зардап шеккен елдер мен азаматтарға көмектесуге шақырды.

«Nur Otan» партиясы төрағасының айтуынша, коронавирустық дағдарыстан әлемде жүздеген миллион адам жұмыссыз қалып, кедейлердің саны еселеп артқан.

«Қазіргі дағдарыс онсыз да жағдайы төмен елдер мен әл-ауқаты нашар жағдайын ушықтырып жіберді. Ондаған миллион жұмыс орны жабылып, адамдар табыссыз қалды. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, әлемде кедейлер қатарына тағы 120 миллион адам қосылған. Бұларға әскери қақтығыстар болып жатқан аймақта тұратын 160 миллион адамды тағы қосыңыз.

Осындай ауыр сәтте саяси партиялар қиындыққа тап болған азаматтарды жарты жолда тастап кетпеуі керек. Біз бәріміз бірігіп, осы сын-қатерлерге, теңсіздікке қарсы тұруымыз қажет», - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай мен Қазақстанның ежелден дос екенін және бұл тұрғыда қос елдің саяси партиясы бұл қарым-қатынасты нығайту үшін одан әрі де бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары