07.07.2021, 08:57
Саясат
Тоқаев Путинге көңіл айтты
Камчатка өлкесінде ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», – делінген Президенттің жеделхатында.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды