Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

«Қауесеттерге сену ақымақтық»: Сыртқы істер министрі елшінің өліміне қатысты пікір білдірді

Еламан Жолдасов келісім-шартын бір жылға ұзартқан

Бүгін Үкімет қабырғасында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Каирде көз жұмған дипломатқа  қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, елші өз-өзіне қол салды деген нұсқа ақылға қонымды.

"Өз өзіне қол салды деген нұсқа қарастырылып жатыр. Біздің әріптесіміз өте беделді арабтанушы. Көп жылдан бері өзімізбен бірге жұмыс істеп келе жатты. Египетте 3  жылдық келісім-шарты бітті, бірақ елшінің ұсынысымен тағы бір жылға созылды. Себебі, расында  өте білімді дипломат еді",- деді ол.

Министр де кеше БАҚ-та тараған қол-аяғы байланған деген ақпаратқа сенбеуге шақырып отыр.

"Ол ақпаратқа сүйенбеңіздер. Тергеу нәтижесін күте тұрайық. Басқа қандай да бір  қауесеттерге сену ақымақтық деп ойлаймын. Біздің елшілер шетелде мыңдаған адамның мүддесін қорғайды.  ",- деді М.Тілеуберді бұған қатысты.

Еске салайық, 13 желтоқсанда Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Қазір Египет тарапы сот-медициналық сараптау өткізіп жатыр.  Қазақстан тарапы дипломаттың денесі елге жеткізілгеннен кейін де қосымша сот- сараптамасын жүргізеді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан