ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

Бұған дейін Қанат Бозымбаев 2016 жылдың 25 наурызынан бастап ҚР Энергетика министрі болып келді

Фото: sputniknews.kz

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын», - делінген ҚР Президентінің жарлығында.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі.

1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл« ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.

2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметіннде болды. 2013 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдан бері ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып келді.