$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2019, 16:04
Саясат

LRT ісі бойынша қамауға алынған Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы туралы не білеміз

Жанат Нұрпейісовтың бірнеше мемлекеттік наградалары бар, сондай-ақ әлі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қызметінде болған

LRT ісі бойынша қамауға алынған Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы туралы не білеміз
Фото: sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов «Astana LRT» жобасын салу кезінде ақша жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бұл туралы бүгін Жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі екінші департаментінің жетекшісі Сергей Перов хабарлады.  

Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы 1961 жылғы 16 қарашада Солтүстік-Қазақстан облысы Булаев ауданының Сүлышоқ ауылында туды. Қазақ, білімі жоғары. 1982 жылы экономист мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады.

Еңбек қызметін Солтүстік-Қазақстан облысының Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығы бойынша аға экономисі ретінде бастады. 1982-1984 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет етті. 1984-1998 жылдары Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің тексеруші-бақылаушысы және Солтүстік-Қазақстан облысы Возвышенка аудандық Мемлекетік салық инспекциясының бастығы, Ақмола қаласы Қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1998-2016 жылдары «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ бастығының орынбасары, кейін «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ бастығының, ал содан соң «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы орынбасарының және басшысының міндеттерін атқарды.

«Қаржы қызметінің үздігі» – 01.12.2011 ж.

 

Мемлекеттік наградалары бар:

«Құрмет» ордені  /2011/,

«Астана» мерейтой медалі /2010/,

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» /2001/,

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» /2011/  мерейтой медалі.

2016 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының хатшысы.

Серіктес жаңалықтары