ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның премьер-министрімен кездесті

Мемлекет басшысы қазақ тарапы ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша жұмыстар жүргізетінін жеткізді

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге ресми сапарының соңында Тәжікстанның премьер-министрі Кохир Расулзодамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кохир Расулзодаға Тәжікстан президентімен өткізген келіссөздердің негізгі нәтижелері туралы айтты. Қазақстан президенті екіжақты үкіметаралық комиссияның тетіктерін пайдалануға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілгені және Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы уақытта жасайтын мемлекеттік сапары аясында қосымша келісімдер әзірлеу жөніндегі жоспары жайында атап өтті.

«Мемлекет басшысы қазақ тарапы ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша конструктивті және нақты жұмыстар жүргізетінін жеткізді», - делінген хабарламада.

Кохир Расулзода Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары екі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтіп жатқанын және оның символдық мәні бар екенін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері арасында жасалған бүгінгі уағдаластықтардың орындалуына, атап айтқанда, сауда-экономикалық әлеуетті және инвестиция көлемін одан әрі арттыруға баса мән берілді.