Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қатысты соталды дайындықтың не себепті кейінге қалғаны белгілі болды
Ерлі-зайыптылар өз сөздерін дәлелдейтін құжаттарды әлі жинап үлгермеген
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің талап-арызымен Алматының Әуезов ауданындық №2 сотында белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайға қатысты сот процесінің алғашқы тыңдалымына дайындық бүгін өтуі тиіс болған. Алайда, жауап беруші тараптың өтінімімен бұл отырыс 19 мамырға шегерілді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Бүгінгі соталды дайындыққа арыз беруші тараптың заңды өкілі Айжан Тәшенова, жауап берушілер Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева және олардың екі адвокаты қатысты. Олар іс құжаттарымен танысып үлгермегенін, танысу үшін тағы бірнеше күн қажет екенін айтып, соталды дайындықты кейінге шегеруді сұрады.
«Сіздің бізге қажетті дәлелдерді жинауға берген уақытыңыз біздің құқығымызды шектейді ма деп қауіптенемін», - деді адвокат А.Түсіпова.
Яғни, Бауыржан Байбекті айыптау видеосын жариялаған кезде Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың қолында ешқандай дәлелі болмағаны ма?
Б.Байбектің мүддесін қорғаған заңгер Айжан Тәшенованың айтуынша, Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың бүгінгі отырысқа дайындалуына 2 апта уақыты болған. Сондықтан ол судьядан процесті созбаққа салмауды сұрады.
Ал, жауап беруші тараптың адвокаттары мәлімдегендей, Мамай мен Иманбай оларды небәрі 3 күн бұрын ғана жалдаған екен. Сондықтан заңгерлер іс құжаттарымен, экспертиза қорытындысымен әлі танысып үлгермеген.
Судья Райхан Сартаева жауап беруші тарапты 17 мамыр күні сот ғимаратына келіп, арыз беруші тарап ұсынған құжаттармен, филолгиялық экспертизаның қорытындысымен танысуға шақырды. Ал, кезекті соталды дайындық отырысы 19 мамырға сағат 15:00-ге белгіленді.
Еске салайық, бұған дейін белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай интернетте Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті айыптаған видеоматериалдар жариялаған болатын. Байбек мұныңжала екенін айтып, өзінің ар-намысын заң аясында қорғайтынын мәлімдеді.