ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Тоқаев Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті ІІ Елизавета патшайымға және барша британдықтарға көңіл айтты

Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбург герцогі, Ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. 

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан  Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың құрметті батыры, бүкіл өмірін Біріккен Корольдік пен оның Тәжіне қызмет етуге арнаған, мұқтаж жандарға көмектесіп, Британия ұлтының, Достастық пен одан тыс жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан аса көрнекті, Ұлы Мәртебелі биік тұлға болды. Осындай қиын сәтте біздің дұғамыз Сіздің Ұлы Мәртебеңізге, Корольдік отбасыңызға, сондай-ақ, Ханзада Филиппті білетін және қызметтес болған адамдарға арналды. Ол біздің жадымызда парасаттылық пен әділдіктің, батылдық пен өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.