$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 16:52
Саясат

Тоқаев пен Путин қатысады деп жоспарланған Көкшетаудағы форум мәселесі қарастырылды

Ынтымақтастық форум 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін

Тоқаев пен Путин қатысады деп жоспарланған Көкшетаудағы форум мәселесі қарастырылды
фотосурет: 2019 жылы Омбы қаласында өткен форум

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты келіссөздер өткізді.

Министрлер саяси және экономикалық салалардағы, транзит-көліктік, энергетика, әскери-техникалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді Ресей бағыты Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдығы болып қала беретінін және екі жақты қарым-қатынастарымызда шешілмеген мәселелер жоқ екенін атап өтті. Қазақстанда екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастар жоғары бағаланады.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, соның ішінде Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказда, Таяу Шығыста өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар аса жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шараларды дайындау мәселелері, оның ішінде екі мемлекет басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарастырылды.

Сапар бағдарламасы аясында РФ Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қарашасында Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форум кейінге қалдырылып, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетін болды.

Серіктес жаңалықтары