$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 20:09
Саясат

Интернет дәуірінде оны бұғаттау тиімсіз – Ермұхамет Ертісбаев

Мемлекет қайраткері митингтер кезінде интернет пен ұялы байланысты бұғаттаудың дұрыс емесін айтты

Интернет дәуірінде оны бұғаттау тиімсіз – Ермұхамет Ертісбаев

Билік митинг болып жатқанда интернет пен ұялы байланысты бұғаттамауы керек деп есептейді мемлекет қайраткері Ермұхамет Ертісбаев. Мұндай пікірін ол өзінің YouTube-каналындағы сұхбатта айтты.

«Мен бұған түбегейлі қарсымын. Кеңес Одағы тұсында «Америка дауысын» бұғаттап тастайтын. Бұл дұрыс та. Себебі, оны бұғаттамаса, коммунистік жүйенің құлдырауы одан да ерте келетін еді. Ал интернет дәуірінде оны бұғаттаумен айналысу тиімсіз және бастысы пайдасыз. Ең дұрысы – тікелей диалог құру, дискуссия, полемика. Мен тек осындай тәсілдерді жақтаймын. Дөңгелек үстел, конференция, дебаттарға үнемі қатысатынмын. Интернетті бұғаттау шешімімен салыстырғанда, бұл тәсілдер әлдеқайда қызығырақ. Бұғаттау арқылы оппонеттердің қолына мықты аргумент береміз – билік интернетті бұғаттаса, онда ол қорқады деп ойлайды. Бұғаттаудың бар нәтижесі осы», - дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Еске салайық, экс-саясаткер Е.Ертісбаев биыл ақпан айынан бері YouTube видеопорталында Yertysbayev Live каналын ашып, өзінің саяси ойы мен көзқарасын онлайн айтып жүр. Оның соңғы сұхбаты түрлі-түсті революцияларға арналды.

Серіктес жаңалықтары