ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

Маңғыстауда қызметкерлердің сотталғандарды ұрып-соққан видеосына қатысты тексеру басталды

Желіде тараған видеода үш сотталушының зардап шеккені айтылады

Әлеуметтік желіде қызметтік киімдегі ер адамның түрмеде жазасын өтеушілерді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі бұл видео бойынша тексеріс басталғанын хабарлады, деп хабарлайды Lada.kz.

«Маңғыстау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасарына қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінші тексеріс жүргізіп жатыр», - деп хабарлаған департаменттегілер.

Желіде тараған видеода үш сотталушының зардап шеккені айтылады. Олар Қылмыстық кодекстің 124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру), 234 (экономикалық контрабанда) және 346-баптары (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша бас бостандығынан айырылған.