ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

АҚШ соты Қазақстанның Чэпменге қатысты талабын тоқтата тұрудан бас тартты

Вашингтон сотының шешімі Д.Чэпменнің әрекетін жоққа шығарады

фото: gov.kz

АҚШ соты Қазақстанның Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чэпменге халықаралық алаяқтыққа қатысқаны үшін берген талабын тоқтата тұрудан бас тартты. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Вашингтон сотының шешімі молдавандық кәсіпкерлер Анатол және Габриэль Стати жасаған кең ауқымды алаяқтық схемадағы рөлі үшін Чэпменге қарсы ҚР шағымын қарауды тоқтатуға қатысты нью-йорктік қаржыгер Д.Чэпменнің әрекетін жоққа шығарады. Алаяқтық 2013 жылғы Қазақстанға қарсы төрелік шешімді алу үшін пайдаланылды», - делінген хабарламада.

2021 жылғы 19 наурыздағы шешімімен АҚШ-тың Колумбия округінің аудандық соты Дэниэл Чэпменның және оның төрт компаниясының – Argentem Creek Holdings LLC, Argentem Creek Partners LP, Pathfinder Argentem Creek GP LLC және ACP I Trading LLC (бірлесіп «Чэпмен» деп аталады) Қазақстанның Чэпменге қатысты талаптарын қарауды тоқтата алатын алдын ала тыйым салу туралы өтініш беруге рұқсат алу үшін берген өтінішін қабылдаған жоқ.