Қазақстанда кәсіпкерге берілген патент бес ел аумағында жарамды болады
Бір құжатты ғана алған бизнесмен бес мемлекеттің аумағында қорғалады

ЕАЭО нарығында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлерге бизнесін қорғау оңай болмақ. Бүгін сенаторлар тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне және тауар шығарылған жерлердің атауына патенттер беруге қатысты заң қабылдады.
Енді Қазақстанда кәсіпкерге берілген патент Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы барлық ел аумағында жарамды болады. Бір құжатты ғана алған бизнесмен бес мемлекеттің аумағында қорғалады.
Сенаторлардың бұл шешімі кәсіпкерлерге уақыт пен ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын патент алу үшін ЕАЭО-ға қатысушы бес елдің патенттік мекемелеріне бес елдегі мемлекеттік рәсімдер бойынша жеке дара өтінім беру қажет болатын. Сондай-ақ халықаралық жүйе бойынша өтінім беру үшін оны аудару, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына баж салығын төлеу, сондай-ақ бір жыл ішінде ол өтінімді қарауды күту қажет еді.
Сенат депуаты Қанатбек Сафинов бұл заң елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға да мүмкіндік береді деп есептейді.
«Шарт бір өтінім беру арқылы тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасына және тауар шығарылған жерлердің атауына қатысты Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірыңғай қорғау құжатын алудың өңірлік жүйесін құруға бағытталған. Тауар белгілерін тіркеудің бірыңғай тетігін енгізу олардың ЕАЭО бүкіл аумағында құқықтық қорғалуын күшейтуге мүмкіндік береді. Осының бәрі инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді, ал инвесторларға осы саладағы өз қызметін жоспарлау оңайырақ болады», - деп Қанатбек Сафинов баяндамасында.