$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2021, 18:16
Саясат

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысы жандана бастады

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінде атқарылып жатқан жұмыспен танысты

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысы жандана бастады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесіне барып, жұмысымен танысты.

Жобалық кеңсенің жалпы ұйымдастыру кезеңі аяқталған. Ғалымдар мен сарапшылардан құралған 11 жұмыс тобы жасақталғаны, архивтік құжаттарды жинақтау, зерделеу және мемлекеттік комиссия қорытындысына дайындаудың әдістемесі мен ережесі әзірленді.

Өңірлерде құрылған комиссиялардың жұмысы жандана бастаған.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлыққа қол қойды. Былтыр желтоқсанда Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

Серіктес жаңалықтары