Балқашта оқушы қызды зорлаған полицейге қатысты сот үкімі шықты

Экс-полицей 14 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 миллион теңге моральдық шығынды өтемек

Балқашта оқушы қызды зорлаған полицейге қатысты сот үкімі шықты
көрнекі сурет

2020 жылдың 26 шілдесінде Балқашта көршісінің 14 жастағы қызын зорлады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Сол кезде аталмыш жағдайға қатысты жедел топ құрылып, Балқашқа жіберілді. Күдікті Қарағанды облысынан шығып кетпек болғанда ұсталды.

2 наурызда Балқашта қыз зорлаған полицейге қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 14 жылға бас бостандығынан айырып, 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеу туралы үкім шығарған.

Еске сала кетейік, бұрынғы полиция өкілі жасөспірімді марихуана қолданып жүргені туралы жаланы мойындауға мәжбүрлеп, оны бопсалап, жыныстық қатынасқа түскен. Бастапқыда қыздың ата-анасы берген арыз бойынша полицейлер іс қозғаудан бас тартып, өз әріптестерін қызметтен қуумен ғана шектелген.

Кейіннен экс-полицей жасөспірімнің ата-анасынан кешірім сұрап, арызды қайтарып алуды өтінген. Тіпті, жасөспірімді сүйіп қалғандығын да айтып ақталған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.