ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Бүгін АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын жариялайды

Санкциялар Навальныйдың улануына байланысты салынбақ

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ Навальныйдың улануына байланысты Ресейге қарсы санкциялар салады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап. 

Агенттікке анонимді түрде сұхбат берген дереккөз санкциялардың екі атқарушылық жарлық пен 1991 жылы қабылданған химиялық және биологиялық қаруды бақылау туралы заң аясында енгізілетінін айтты.

Жарлықтардың бірі Ресейдің Қырымдағы әрекеттерінен кейін 2014 жылы жарық көргенін еске саламыз. Екіншісі 2005 жылдан басталады және жаппай қырып-жою қаруымен күресуге бағытталған.

АҚШ-тың Химиялық және биологиялық қаруды бақылау туралы Заңы 2018 жылы ГРУ полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның «Новичок» уымен Британияда улану оқиғасынан кейін санкциялар салу үшін қолданылды.

Санкциялар Ресейге ұлттық қауіпсіздікке қатысты тауарлар мен технологияларды экспорттауға тыйым салуды қарастырады.