ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2020 жылы Қазақстанға 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

2021 жылы Қазақстанда көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министр өз сөзінде этникалық көші-қонды ынталандыру шеңберінде 2020 жылы республикаға 7 мыңнан астам отбасы немесе 13 мың этникалық қазақ келгенін, оның ішінде 396 қандас отбасы ШҚО, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарына қоныстанғанын хабарлады.

«Ел экономикасын білікті шетелдік мамандармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. 2020 жылы бөлінген квота шеңберінде жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға 17,3 мың рұқсат берді. Қазақстандық қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып, ағымдағы жылға квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды құрады», - деді министр.

Қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру мақсатында өткен жылы заңнамаға елге келетін қоныс аударушылар мен этникалық репатрианттарға қолайлы жағдайлар жасауды, жұмыс берушілердің шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін түзетулер енгізілді.

«Көші-қон қатынастарын одан әрі дамыту шеңберінде 2021 жылы үш негізгі міндет айқындалды. Біріншісі – Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын қабылдау. Екіншісі – қазақстандық қызметкерлерді шетелде жұмысқа орналастыру және құқықтық қорғау бөлігінде тиісті жүйені енгізу. Үшіншісі – кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету кемінде 97% деңгейінде сақталады», – деді Серік Шәпкенов.