13.01.2021, 09:44
Саясат
Израиль Сирияға бірнеше әуе шабуылын жасады
Әзірге зардап шеккендерге қатысты ақпарат жоқ
фото: tass.ru
Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.
«Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», - деп хабарлайды жергілікті Ikhbariya телеарнасы.
Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.
Еске салайық, Израиль әскери күштері Сирия аумағына бірнеше рет оқ жаудырды. Олар бұл шабуылды заманға сай қару-жарақтың «жау» қолына өтуіне жол бермеу ниетімен жасағанын айтты. Бұл жерде ең алдымен Башар Асадтың жағында соғысатын, Тегеран басқаратын ливандық «Хезболла» қозғалысы туралы айтылып отыр.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты